Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"С.Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 3-06-54
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-06-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2022

«Ұрпақтар сабақтастығы»

Мектебіміздің оқушылары ардагер  ұстаздың   қатысуымен «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы  — көп жылдық білім тәжірибесі бар  Анар Босқымбаева апайымызбен сыр- сұхбат шарасын өткізді. Анар апайымыз жас ұрпақпен аға ұрпақтың арасындағы алтын көпір іспеттес. Ұстаздық жолда еңбегін сіңірген үйретері мен айтары көп аға ұстаз. Жас шәкірттеріне өзінің өмір атты ұстазынан үйренгенін жас шәкірттеріне қызықты етіп жеткізе білді. Өз мамандығының хас шебері болудың жолы-еңбек екенін жас буынға айтып, үлгі ете білді. Ұстаздық жолына саяхат жасап қайтқандай болдық. «Ұстаз болу –жүректің батырлығы
Ұстаз болу –сезімнің ақындығы
Ұстаз болу мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы» деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шебірлік емес пе?!
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарыту адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Иә, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі- ұстаздарымыз ортамызда жүр. Солардың бірі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Босқымбаева Анар апайымыз. 
Анар апайымыздың өскелең ұрпақ пен жас маманға берер мұрасы мен көрсетер жолы бар, өмірлік және еңбек жолындағы қызықты, үлгі аларлық тәжірибесімен сыр-сұхпаттың  майын тамыза отырып бөлісті. 
Сыр-сұхбаттың оқушылар мен жас мамамандарға ұнағаны соншалық уақыттың зыр етіп өте шыққанын аңғармай қалды. 
Тәлімі мен тәжірибесі мол зейнеткер ұстаз артынан ілесіп келе жатқан шәкірттері мен ізбасарларына ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.
Кездесуді ұйымдастырған:  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Ниязбекова А, Сыдықбекова А
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив