Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"С.Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 3-06-54
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-06-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
февраль
2022

"Иманды ұл, ибалы қыз"

Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық  мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.
9-сынып оқушыларымен өткен "Иманды ұл,ибалы қыз" атты онлайн бас қосуымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық  қағидаларына тоқталалып өтті. Ұлдар мен қыздар еркін сұрақ-жауап алмасып, ситуациялық жағдаяттардан қалай шығар едім деген сауалдарға, тренингтерге белсене ат салысты. 
Оқушылар өздеріне көптеген мәлімет алып,  имандылық пен ибалылықтан құр алақан емес екендіктерін, бойларында ата-бабамыздан бері келе жатқан "Үлкенге-құрмет,  кішіге- ізет" көрсететін тектіліктің ізін көрсете білді. 
Мынау жаһандану заман қанымыз да,тегімізде бар имандылықты қаншама тұншықтырып жатса да, көкірек көзін ашып жіберсе, қайтадан өз биігіне көтерілері анық екенінің бірден бір дәлелін көрсетті
Оқушылармен "Иманды ұл, ибалы қыз"  тақырыбында онлайн ой алмасу  өткізген: 9"Б"сынып жетекшісі Амитова Б, 9"Ә"сынып жетекшісі Рғымбаева Р, 9"В" сынып жетекшісі Сыдықбекова А
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив