Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"С.Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 3-06-54
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-06-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2022

"Менің болашақ мамандығым"

9 сынып оқушылары "Менің болашақ мамандығым" тақырыбында эссе жазды. 
Менің болашақ мамандығым
      Менің атым Жұлдыз. Мен 14 жастамын және орта мектептің тоғызыншы сыныбында оқимын. Мен жақын арада қандай болашақ мамандықты таңдау керектігін шешуге тура келетінін білемін. Менің жасымдағы көптеген жасөспірімдер үшін бұл үлкен мәселе, бірақ мен үшін емес. Мен әрқашан мұғалім болғым келді және шешімімді өзгертпеймін. Бүгінде көптеген адамдар бұл пайдалы мамандық емес дейді, бірақ мен олай ойламаймын. Маған кішкентай балалармен уақыт өткізіп, олармен бөліскен ұнайды. Мен мектеп табалдырығын аттамай тұрып, өзімнен кішкентай көрші балаларға сабақ бергенді ұнататынмын. Мен бірнеше әріптер мен сандарды бұрыннан білетінмін, сондықтан олармен білімімді бөліскім келді. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін мен кішкентай тақта мен борды қолдатынмын. Менің ойымша, мұғалім мамандығы асыл және пайдалы. Әрине, мен қызықты сабақтар дайындау, әр балаға жеке қарау, жүздеген жоспарлау парақтарын жазу оңай емес екенін түсінемін. Дегенмен, балалардың прогресін көргенде, мұның бәрі бекер емес екенін түсінесіз. Менің сүйікті мектеп пәндерім туралы айта отырып, орыс және ағылшын тілдерін атап өту керек. Бізге жақын жерде беделді педагогикалық университет бар, онда мен филология факультетінде оқи аламын. Мен гуманитарияларға жақынмын, сондықтан мен жақсы Шет тілі мұғалімі болар едім. Мен бұл мамандықта өркендеп, биік-биік белестерге жетемін деп үміттенемін, өйткені бұл менің арманымдағы жұмыс. Менің жақсы мұғалім болуымның тағы бір себебі – менің оқуға деген сүйіспеншілігім. Сондықтан мен дұрыс жолда жүрмін деп ойлаймын.
9 Ә сынып оқушысы:  Ғалымбекқызы Жұлдыз.
Менің болашақ мамандығым.
       Менің болашақ мамандығым. Шынымды айтсам, мен әлі өз таңдауымда сенімді емеспін.  Бір білетінім, мен бизнес саласында айналысқым келеді.  Мен бұған өте кішкентай кезімнен ұмтылдым және мен өзімнің белгілі бір «арманымды» шынымен орындайтыныма сенімді болдым, бірақ қазіргі уақытта бәрі әлдеқайда күрделі болды.  Мен әлі күнге дейін бизнеске тартыламын, бірақ бұл салада көптеген әртүрлі бағыттар бар және оның бәрі қиын. Жұмыс жағынан емес, таңдау жағынан қиын.  Университетке түскенге дейін аз уақыт қалды, қатты қобалжимын.  Ересектік шынымен қиын.  Осыншама көп мәселелер жиналып жатыр. Уақытта шамалы.  Енді менің қолымнан келетін жалғыз нәрсе - шешім қабылдау.  Неғұрлым тезірек.
 Жалпы, бизнес өте қызықты, тәуекелді және қулы сала.  Кез келген сәтте апатқа ұшырап, ештеңесіз қалуыңыз мүмкін.  Сонымен қатар, сіз кез келген уақытта ең биік нүктеге көтеріле аласыз.  Мұның бәрі сенімсіз, бірақ өте қызықты.  Бұл жолда аяғына жетер ме, құлайсың ба, анық біле алмайтын ойын түрі сияқты.  Қалай болғанда да, маған ұнайды.  Сондықтан мен осы салада болғым келеді.
 Менің эссем ұзақ емес, бірақ мен өз ойымды мүмкіндігінше жеткізуге тырыстым.  Мен 11-ге дейін қаламын, сондықтан уақыт аз болса да, бар.  Әркімге мамандық таңдауда сәттілік.  
9«ә» сынып оқушысы - Абаханова Мадина
           Менің болашақ мамандығым.
        Менің болашақ мамандығым.  Қазіргі уақытта мен кім болу керектігін және өмірімді қалай арнағым келетінін әлі шешкен жоқпын.  Бірақ кейде мен психолог болуды ойлаймын, мен адамдармен жұмыс істеп, оларға психологиялық түрде көмектескенді , кейбір мәселелерде қолдау  көмектескенді ұнатамын, бірақ атап айтқанда, біреудің теріс пікірін тыңдау, менің басымда қиындықтар әкелуі мүмкін, бұл мамандық өте мықты және сенімді болу қажет. Сол себептен мен психолог болудан жиі бас тартамын.  Кейде мен программист болғым келеді, маған бағдарламалау тақырыбы ұнайды және бұл тақырыпты жиі оқимын және әйтеуір мини бағдарлама немесе ойын жасай алдым.  Өзіме жақын, көңіліме қуаныш сыйлайтын мамандықты табамын деп ойлаймын.
9«ә» сынып оқушысы -Кенжакул Нұрай
Менің болашақ мамандығым.
         Менің мамандығым – менің өмірлік таңдауым. Менің ойымша, мамандықты таңдау болашаққа деген үлкен және жауапкершілігі жоғары қадам, сондықтан мамандық таңдауда, ең алдымен, мамандық маған ұнауы тиіс және материалды шығындар жағынан ақтауы қажет деп санаймын.  Бала кезімде мен киім дизайнері болып, Парижде өзімнің сән көрмемді ұйымдастыруды армандайтынмын, бірақ біраз уақыттан кейін мен сурет салуға деген қызығушылығымның бұрынғыдай емес екенін түсіндім .Қазір де өнер жолын таңдағым келер еді, дегенмен маңызды шешімдерді жүректің үнімен емес, ақылмен ойлана отырып қабылдағанды жөн көремін. Қазіргі уақытта мен әлі мамандық таңдауда толыққанды  шешім қабылдаған жоқпын, бірақ бірнеше мүмкін нұсқаларды қарастырудамын. 
* Бірінші мамандық – аудармашы болу. Қазіргі уақытта мен шет тілдерін үйренуге қызығушылық танытудамын , сондықтан бұл мен үшін ең жақын нұсқа деп ойлаймын. Мүмкін, бұл менің арманыма байланысты болар, атап айтқанда мен әлемді өзім көрмеген қырларынан көргім келеді, басқа елдің өмірін, мәдениетін көріп, түсінгім келеді. 
* Екінші қарастыратын мамандығымыз – жасөспірімдер психологы. Кейбіреулер менің бұл таңдауымды естіп таңқалуы мүмкін, тіпті ойларында сұрақ туындауы мүмкін. Дегенмен бұл мамандықты таңдауымның өзіндік себебі бар. Қазіргі кезде мен адамның психологиясына қатысты кітаптарды оқып жүрмін және осындай кітаптардың адамды терең ойландырып, көптеген нәрсеге басқаша қарауға үйрететінін түсіндім. Мен өзім қазіргі уақытта жасөспірім жаста болғандықтан, осы жаста өзін танып білуде қандай қиындықтар болатынын анық білемін және мүмкіндігім болатын болса болашақта балаларға моральдық тұрғыда көмектескім келеді. 
         Болашақта кім болғың келеді дейтін сұрақ қойылатын болса мен осылай жауап берер едім. Менің бір атап өткім келетін зат, адам мамандық таңдауда өзінің шыныменде ұнатып істейтін ісіне сай таңдау жасауы қажет. Сол кезде ғана ол әр жұмыс күнін қуанышпен қарсалып, өзін бақытты сезінетін болады.
9 Ә сынып оқушысы:  Акшабаева Карима
Менің болашақ мамандығым.
     Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.
      Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Менің қазіргі алға қойған мақсатым дәрігер болуға армандап жүрген оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы дәрігерлік мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл дәрігерлік мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен дәрігер болу арманыма жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат. Дәрігер — арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата — бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Медицинаның атасы Гиппократ: «дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болу керек деген екен ертеректе. Дәрігерлік тек оқумен ғана шектелмейді, дәрігер болу ол да бір өнер! деген екен. Сондықтан бұл мамандыққа аса абырой, жауапкершілік жәнеде сүйіспеншілікпен қараймын.
9 Ә сынып оқушысы:  Койшыбаева Анеля
Менің болашақ мамандығым
         Менің қазіргіі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дизайнер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дизайнер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат. Дизайнер болсам деген ниет, тілек, тіпті сенім де аздық етеді. Бұл салада таланттың үлесі 10 пайыз ғана, қалған 90 пайызы тек еңбекпен келеді.Бұл – өте қиын әрі күрделі кәсіп. Мәселе қомақты қаржыда да емес.
Дизайнер, ең алдымен, стратег болуы керек. Бұл өзі шахмат ойыны сияқты нәрсе. Қандай жүріс жасайтының анық болуы тиіс. Не керек екенін білу және тез шешім қабылдай алу да аса маңызды.Сән әлемінде жетістікке жету үшін аянбай еңбек етемін.. Әркімнің өсу, өркендеу жолы әртүрлі. Бәріне ортақ бір талап жоқ деуге де болады. Әркім өзінің өсу жолын өзі таңдайды. Біреулер, мәселен, сән әлеміне қатысты журналдарда стилист болып жұмыс істейді. Енді біреулер жеке тапсырыстар негізінде үй-үйді аралап, қызмет көрсете жүріп, үлкен жетістікке жетуі мүмкін. Қалай болғанда да, бұл – шығармашылық. Шығармашылық болғаннан кейін оның басты шарты – әркімнің өз қолтаңбасының болуы.
9 Ә сынып оқушысы:  Дүйсенбек Каусар    
«Менің болашақ мамандығым»
        Мамандық таңдау-адам өміріндегі басты қадамдардың бірі деп санасақ қателеспейміз. Қазақта сөз бар, адам өмірде мамандық және жар таңдаудан шатаспау керек. Өміріңнің жарқын болуы осы екі нәрсеге байланысты деп түсіну қажет.
     Менің ойымша, кішкентай кезден бастап жаныңа жақын мамандықты іздеп, түсініп,қандай пәндерді оқып-игеруді біліп алу керек. Кейін сол мамандыққа жоғарғы оқу орындарын қарап, анықтаған жөн.
    Қазіргі таңда мамандық түрлері өте көп. Бірақ ешқашан жойылмайтын маман иелері бар.Мысалы:дәрігер,полиция қызметкерлері, мұғалім т.б. Осындай жойылмайтын мамандық таңдасақ еш өкінбейміз деп ойлаймын. Әрине, барлығы біз ойлағандай бола бермейді. Алайда әр адам өз мақсатына нық жетуі үшін жақсы жоспарлар қоя білуі керек. Жақсы жақтарын ойлап, қандай жетістіктерге жететініне сене білуі қажет.
 Мен журналистика мамандығын таңдауға бел будым. Қазірден бастап өзге тілдерді үйреніп, қызығушылық таныта бастадым.Теледидар алдында тұрып халқыңа ақпарат беріп отырудан асқан бақыт жоқ шығар деп ой түйе бастадым. Мақсатыма жету үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысып жүрмін,әрі қарай дамудан шаршамаймын.
        Әркімнің болашағы өз қолында,мамандық таңдаудан шатаспайық, өзімізге сенімді болайық!
9 «ә» сынып оқушысы Аралбайқызы Бақыт 
"Менің болашақ мамандығым"
            Мен кішкентай кезімнен бастап, тіс дәрігері болуды армандаған едім. Адамның денсаулығы жақсы болуына тістің атқарар қызметі өте көп. Қазір сол арманымды жүзеге асыру үшін сабақты жақсы оқып жатырмын. Тіс дәрігері болу үшін биология-химия пәнін таңдау керек екен. Қазір сол екі сабақты жақсы оқуға талпынып жатырмын. 
Бала кезімде дәрігерлерді көріп қаттыға қызығатын едім. Қанша дегенмен олар адам өмірін құтқарадығой. Сосын, тіс дәрігері болуға қызықтым.
Адамның көрікті болуына тістеріде әсер тигізеді. Ол мамандықтың қиын және оңай жақтары да бар. Бірақ, мамандығыңды жақсы көрсең ол саған оңай болып көрінеді. Ең бастысы таңдаған мамандығыңа өкінбей, оны жақсы көру керек. Мен тіс дәрігері болсам, адамдардың тістері құртылмас үшін дәрі ойлап табатын едім. Адамдарға тістеріңді ұқыпты ұстаңдар деп айтқым келеді. Дұрыс күтім жасаңдар. Себебі, тісіміз біз үшін өте маңызды. Оның атқаратын қызметі көп.
9ә  сынып оқушысы Қани Ұлжан
"Менің болашақ мамандығым"
Мен болашақта кондитер болғым. Кондитер мамандығы - қазіргі кезде қажетті мамандықтар болып табылады.Кондитер болу үшін ерекше қабілеттілік пен бейімділік керек. Кондитер болуда оңай емес.Әр заттың мөлшерін, дұрыс білуді талап етеді. Мен Жұматай Әсел секілді білікті маман болғым келеді. Өзімнің кондитерлік мини боксімді шығарғым келеді. Міне менің болашақ мамандығым.
9ә  сынып оқушысы Нұрқасым Жібек.

Похожие публикации:

08 февраль 2022 Көрме
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив