18
январь
2021
Рәміздер мақтанышым
"Рәміздер-патриоттық тәрбиенің бастауы" эссе.
Мен өз елімнің Рәміздерін мақтанып етемін. Оның үлкен себебі бар. Мысалы, мен өз рәміздерімізді өте әдемі әрі керемет жасалған деп ойлаймын. Мен, рәміздерді құрметтегенім , өз елімді де құрметтегенім деп есептеймін. Енді әр рәмізге жеке тоқталғым келеді.
ТУ: көгілдір түсті , ортасында күн мен тәуелсіз қыран құстың белгісі бар. Ал шетінде әдемі қазағымыздың ұлттық ою-өрнектері салынған.
ЕЛТАҢБА: ортасында бірлік пен ынтымақтастықтың белгісі шаңырақ және уақыт пен кеңістікті білдіретін ұшқыр тұлпарлар бейнеленген. Ал бесбұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті.
ГИМН: әрбір сөзі де, музыкасы да рухыңды көтеріп өз еліңді құрметтеуге, сүюге жетелейді.
Осы рәміздеріміздің барлығы біздің Отанымыздың кеңбайтақ, таңғажайып, әдемі екенін білдіреді. Және де жыл сайын елімізде рәміздер күні міндетті түрде аталынып, іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар Рәміздерімізге деген құрмет - патриоттық тәрбиенің бастауы деп санаймын. Себебі, рәміздерге құрметтеп, ол туралы ақпараттар білу үлкен мәртебе. Рәміздермізді құрметтеу әрбір отандасымыздың міндеті деп білемін.
7 "И" сынып оқушысы Құрманғалиева Еркежан.
Сынып жетекшісі Рақымбердиева Перизат.