Алматинская область білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"С.Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72774) 3-06-54
Бухгалтерия
+7(72774) 3-06-54
Версия для
слабовидящих
07
май
2020

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні!

Отан, мемлекет, ел, жер, ұлт, халық, атамекен сияқты киелі ұғымдарды қадірлей білу - санада патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал етеді. Жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу басты мақсат болса, отаншылдық сана –сезім, іс-әрекет осы жолдағы өзін –өзі тәрбиелеу оның басты бағыты. Отанға, елге деген сүйіспеншілікті Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұд Қашқари еңбектерінен көруге болады. Сол сияқты кешегі Ұлы Отан соғысында адамзатты құлдық қамытынан құтқару үшін жан аямай соғысқан ержүрек батыр ата-бабаларымыздың ерліктерін біз мәңгі мақтаныш етуміз керек.
«Отан оттан да ыстық» деген сөз бар. Ол үшін өз ұлтыңды шексіз сүю қажет. Ұлтты сүймесек ана тілімізді қадірін білмейміз. Ұлтты сүю ұлтшылық емес, ұлтжандылық. Сондықтан біз ең басты туған жерді көркейту үшін жан аямай еңбек етуге, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарауға, басқа ұлттарға салт –дәстүрімізді өнеге етуге тиіспіз.
Отанды сүю - иманнан. Әр адам үшін кіндік қаны тамып туып өскен жерінен, яғни, өз Отанынан қымбат жері жоқ. Отанымыздың ұлтарақтай ғана жері үшін қаһарман ата-бабаларымыз қасық қаны тамғанша күресіп, бізге мирас етіп қалдырды. Сондықтан барлығымыз ата-бабаларымыздан қалған жерді аманат деп, көздің қарашығындай сақтау - баршамыздың борышымыз. Әр адамға өз Отанын қорғау, оны сақтау - парыз.
Елімізде 7 мамыр – еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке күні, яғни Отан қорғаушылар күні! Тұңғыш президентіміз  Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Олай болса, құрметті әріптестер, жерлестер! Осы сәтті пайдалана отырып, Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив