7 мамыр – Отан қорғаушылар күні!
Отан, мемлекет, ел, жер, ұлт, халық, атамекен сияқты киелі ұғымдарды қадірлей білу - санада патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал етеді. Жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу басты мақсат болса, отаншылдық сана –сезім, іс-әрекет осы жолдағы өзін –өзі тәрбиелеу оның басты бағыты. Отанға, елге деген сүйіспеншілікті Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұд Қашқари еңбектерінен көруге болады. Сол сияқты кешегі Ұлы Отан соғысында адамзатты құлдық қамытынан құтқару үшін жан аямай соғысқан ержүрек батыр