Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"С.Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 3-06-54
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-06-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2022

Қазақ тілі пән бірлестігінің апталығы

05.12.22ж қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы  салтанатты түрде   мектеп фойесінде 
Босқымбаева Анар,  Сатымбай Майгүлдің  ұйымдастыруымен өткізілді. Домбырашы оқушылардың күмбірлеген күйлері ерекше сезім сыйлады. Фойе бұрышы банермен, ұлттық тағамдар толы дастарханмен жабдықталды. 
Мектеп дәліздерінің қабырғалары  крассвордтар мен ұлылардың ұлағатты сөздерімен безендірілді. Оқушылар сөзжұмбақтарды шешіп, қызығушылық танытты. 
    Педагог —зерттеуші Қобландина Эльмира Сүйіндікқызы 10 г сыныбында  Қазақ әдебиеті Медеу Сәрсеке "Қаныш Сәтбаев" роман-эссесі. "Көп қырлы ғалым" тақырыбында тамаша сабақ көрсетті. 
6 Г  сыныбында  А.Құнанбайұлы Қарасөздері "Бірінші сөз"тақырыбымен 
қазақ әдебиеті пәнінен 
Сыдықбекова А. өте қызықты сабақ өтті. 
9 Ә сыныбында  қазақ тілі пәнінен 
«Адам құқығы мемлекеттің басты қуаты» 
Сатымбай М. пікірталас сабақ көрсетті. 
11 в сыныбымен 
«Өмірзая» романы бойынша  07.12.2022 ж. тәжірибелі ұстаз 
Исаева Н.Р. өте мағыналы сабақ өтіп, керемет әсер қалдырды. Мұндай жоғары деңгейдегі ашық сабақтарды барлық қазақ тілі пәні мұғалімдері апталық бойына өткізді. Әр сабақ ерекше әдістермен көркемделіп, оқушылар белсене қатысты. Ұстаздардың шеберліктері айқын көрініс тапты. 5 ж сыныбы Ы.Алтынсарин "Қыпшақ Сейітқұл"әңгімесі бойынша   тәжірибелі ұстаз    
Қызайбекова Гүлнар керемет сабақ ұйымдастырды. Сабақ барысында өмірмен тығыз байланыс орнатылды. Оқушылар еңбекқорлық туралы тамаша эсселер жазды. Балалар бизнес жоспарлар құрып, жобалар қорғады. 
10 – сынып оқушылары арасында 
«Еркін елдің ертеңі -кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында дебат ойыны Сыдықбекова А
Сатымбай М. ұйымдастыруымен өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, тамаша пікірлер білдірді. 
Апталықтың жабылуы 09.12.23 күні акт залында 
Босқымбаева А.
Алимкулова З.
Сартбай Саяның ұйымдастыруымен өтті. Қазақ тілі пәні мұғалімдері ұлттық үлгіде  киініп, сахна  қазақы шаңырақ түріндп безендірілді. Дәм толы дастархан басына жиылған ақ кимешекті әжелер тұсау кесу, бесікке салу сияқты салт— дәстүрлерді көрсетті. Қойылым барысында ұлттық тәрбиенің тамаша үлгісі әсем әнмен өрнектелді. Ауыл анасы рөлін шебер сомдаған ардагер ұстаз Босқымбаева Анар апаймыз абысын сыйластығы, ене ұлағатын керемет көрсете білді. Қатысқан барлық ұстаздар  тамаша көрініс көрсетті. Келген қонақтарға тойбастар кәдесі жасалды. Апталық өте жоғары деңгейде өтті.






















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив