Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"С.Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 3-06-54
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-06-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

Мушрапилова Замзагуль Толеубековна

Мушрапилова Замзагуль Толеубековна еңбек жолын Жамбыл облысы, Сарыбұлақ ауылындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1989 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылындағы №1 мектепке химия пәні мұғалімі болып ауысты. Аталған мектепте жұмыс істеп жүріп, 2000 жылы ғылыми диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 2000 жылы мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2002 жылы №5 орта мектеп директоры, 2005 жылы №2 Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп директоры болып жұмыс істеді. 2010 жылы Талғар ауданы, Әлмерек ауылындағы №25орта мектепте директоры болып қызмет істеген. 2014 жылы Талғар қаласындағы И.Ф. Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп директоры, 2022 жылы 31 тамыздан бастап С.Сейфуллин атындағы  №2 жалпы білім беретін орта мектебіне  директор болып ауыстырылды. Жоғары дәрежелі химия пәнінің мұғалімі. Педагогика ғылымының кандидаты.
Өз еңбек жолын жас ұрпаққа тәлімді тәрбие, тағылымды білім бере алатын ұстаздық етуден бастады. Тәжірибелі, педагогикалық шеберлігі шыңдалған мұғалім әрі басшы. Мектебіміздегі мұғалімдерге шығармашылық мүмкіндіктер беріп, дені сау, еркін, шығармашылық ойлаушы, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі дамытуға қабылетті тұлға қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауда. Заманына сай іскер басшы атанып, қайраткерлік қырымен көзге түсіп жүрген Замзагуль Толеубековнаның еңбегі зор. Білікті басшының әріптестеріне қоятын талабы – білім сапасы, тәртіп, тазалық. 
Эстетикалық талғамы жоғары, нәзік сезімді Замзагуль Толеубековна білім ордасында басшылық, ұйымдастырушылық қабілетімен қоса өз іскерлігін де көрсетуде. Қарапайым, көпшіл мінезімен, қай салада болмасын сауатты қарым-қатынасымен көптеген түйткілдің түйінін шешіп, іскерлігімен тектілік танытып жүрген осы бір жанның әрдайым мерейі үстем, абыройы асқақ. Оқушылардың физикалық және рухани дамуында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін, кешенді білім беру бағдарламаларын жасауға ерекше назар аударады. Жалпы теориялық пәндердің негіздерін педагогикалық, ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді шешуге қажетті деңгейде білетін білікті маман. Өз қызметінде ол жауапкершілік, құпиялылық, ізгілік принциптерін басшылыққа алады. Тегерімді, ұстамды, әріптестері мен ата-аналар және оқушылар арасында үлкен беделге ие. Білімді әрі тәрбиелі ұрпақ болашақтың тұтқасы екенін жете түсініп, жағдайын білуге, психологиялық тұрғыдан зерттеп, дамуына, шығармашылық қабілетін арттыруға үлес қоса білуіне ықпал етуде. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив