Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"С.Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 3-06-54
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-06-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
июнь
2023

Оқушыларымыздың жетістіктері

Жетістік:
Талғар ауданы мектеп оқушылары арасындағы «Мектеп лигасы - 2022» спартакиядасы футбол жарысында жақсы ойын көрсеткені үшін мектебіміздің футбол командасы  ІІ орын иеленді.
Казакстан Республикасы Мемлекеттiк орталық музейiнiң Балалар жылына орай ұйымдастырган «Өнер сикыры» атты Халыкаралык балалар мен жасөспiрiмдер арасында өткiзiлген шығармашылык кермесінде үздік нәтиже көрсеткенi үшiн мектебіміздің 8 "Ә" сынып оқушысы Болатбай Ақниет, 8"В" сынып оқушылары Алтынбек Саяра мен Меркенбай Аяжан «ART MAGIC» International Children's Art Exhibition дипломымен марапатталды. Жасөспiрiмдер шығармашылығы көрмесіне қолдау көрсетіп, жастарды өнегеге баулып, оқушының шеберлік деңгейін арттырып, бала жанының бағбаны бола білген жетекші көркем еңбек   пәні мұғалімі Оралханова Құралай Сепказиновна  халықаралық дипломмен марапатталды.
          6 «В» сынып оқушысы Сұлтанбек Әлижан АОСК спорт комитеті ұйымдастырған жүзуден жарысқа қатысып 25 брасс қашықтықты 28:57 секундта жүзіп өте жақсы нәтиже көрсеткені үшін.
        10 «А» сынып оқушысы Әбдібек Жаннұр Талғар ауданы оқушылары арасында Әскери – спорттық көпсайыс жарысына қатысып, денені шалқалап жатып көтеру тәсілінен І орын алды.
                  Талғар ауданының мектеп оқушылары арасындағы Спартакиадасының "Үміт сөресі"  жарысында мектептің 7 г сынып оқушысы Дәулетханов Диас 60 метрге жүгіруден 1 орын, 1 орыннан секруден 1 орынды иеленсе, 7 г сынып оқушысы Серік Заңғар 60 метрге жүгіруден 2 орын, 1000 метрге жүгіруден 3 орынды иеленді. жаттықтырушысы дене шынықтыру пән мұғалімдері Е.Тоқтарбекұлы, А.Қасенов.
          Астаналық Оку-әдiстемелiк орталығының  "Менің сүйікті устазым" атты ұстаздар кунiне орай ұйымдастырылған шығармашылық байқауға мекетбіміздің  "Эссе" номинациясы бойынша жеңімпазы Есімхан Куралай І дәрежелі дипломмен,  "Қолөнер" номинациясы бойынша жеңімпазы Сембаева Зере І дәрежелі дипломмен, ."Көркем сөз" номинациясы бойынша жеңімпазы Бекбосынова Айзере І дәрежелі дипломмен, "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша жеңімпазы Үрістем Ерасыл ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса жетекшісі Тасырова Назым Кардековна жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беріп, білім жолында үлкен жетістіктерге үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
                  Республика күні мерекесіне орай мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тоқтарбекұлы Ермек Алматы олысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Теңізбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Қараша айында 
Мектебіздің 10 "А" сынып оқушысы Әбдібек Жаннұр каратэден Алматы қаласында өткен, 16-17 жас арасында АБС салмақ категориясы бойынша  1-орын иеленді. 
      "Білім шыңы" қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен "Балалар жылы" аясында "Оқуға құштар ұлт" жобасын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған "Каникулда кітап оқимыз" марафонында электронды кітап оқуды меңгере отырып, қоғамда кітап оқу үрдісін қалыптастыруға дамытуға үлес қосқаны үшін 6 "Д" сынып оқушысы Дүйсен Нұрали, 8 "Д" сынып оқушысы Дуйсенов Нурасыл, 10 "А" сынып оқушысы Дүйсенова Нурайдың отбасы АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.
              «ZHASS ULAN» мектебінің ашылу салтанатына орай Бокстан 2007ж.т. – 2016ж.т. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы өткізілген Республикалық ашық турнирде 20 келе салмақ дәрежесінде І орын иеленгені үшін 2 «В» сынып оқушысы Мұхаметжан Әли марапатталды. Жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Абдикаримов Қанат Сатыбалдыұлы.
Талғар ауданы бойынша оқушылар арасында №25 мектеп – гимназиясында өткен алғашқы әскери және технологиялық «Үздік командир» атты жарысқа қатысып жүлделі ІІ орын алғаны үшін 11 «Д» сынып оқушысы Әділбеков Альтаир марапатталды. 
Талғар ауданы бойынша оқушылар арасында «Автоматты бұзып жинау» жарысына қатысқан 11 «Д» сынып оқушысы Ақжол Жаннұр І орын, 11 «Г» сынып оқушысы Саркулов Амир  ІІ орын, 9 «Е» сынып оқушысы Ержанұлы Асылғазы ІІ орын иеленді.  
       Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім   бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында ұйымдастырылған аудандық "Мен - өз елімнің патриотымын" турнирі аясында өткізілген дебатқа,белсене қатысып өз ойын дәлелді де, жүйелі айта алғаны үшін   мектебіздің "Жеті қазына" дебат клубы марапатталды. 
            И.Ф.Халипов  атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ұйымдастыруымен мектепаралақ «Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау» тақырыбында өткізілген достық дебат сайысына қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін "Жеті қазына" дебат клубы марапатталды. 
Желтоқсан айында
              Талғар аудандық «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық байқауына мектебіміздің «Ақиқат» тобы қатысып бас жүлдені иеленді.  
Алматы облысының білім басқармасы мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі және облыстық «Адал ұрпақ - 2022» байқауында көрсеткен белсенділігі үшін Талғар ауданының «Ақиқат» тобы дипломмен марапатталды. 
        «Тайжарыс» Республикалық "Өнер алаңы" байқауына 1000 оқушы қатысып, 3"Д"сынып оқушылары Қасенғазы Ибраһим, Жұмаш Саяжан, Шайзада Дарын Бас жүлде иленсе, Тұрсын Шыңғыс Жандосұлы, Қанат Инжу Азаматқызы, Қанат Инжу Дастанқызы, Дәулеткелді Ерсұлтан 1-орынды иленді және бірінші рет қатысқан Серикнұрұлы Дарын 2-орын иеленді. Оқушыларға жеке-жеке сыйлық, үлкен қымбат сағаттар тапсырылды. Жетекшісі Дуйсебаева Арай Калибековна "Мәртебелі ұстаз" төс белгісімен және Алғыс хат, Куәлікпен ерекше марапатталды және осындай талантты бала, талапты ұстаздың қолдаушысы мектеп директоры Мушрапилова Замзагуль Толеубековнаны Алғыс хатпен марапаттады.
       Волейбол жарысынан 2007-2012 жылдар арасында туылған жастар мен жасөспірімдер арасында  өткен әкім кубогына  мектебіміздің валейбол командалары қатысып қыздар командасы 1-орын, ұлдар командасы 3-орын иеленді. 
                 Халықаралық өнерлі балалар байқауына қатысып бейнелеу өнері номинация бойынша 6 "Ж" сынып оқушысы Ізбасар Мейрамбек 1 орын, 9 "Ә" сынып оқушысы Тлеубек Жәңгір  1 орын, 8 "Д" сынып оқушысы Жолдасбек Диас 2 орын, 6 "Г" сынып оқушысы Жұмағұл Рамазан 2 орын иеленді. 
       Мектебіміздің волейбол командасы аудандық 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған жарыста 3 орын иеленді. 
          Аудандық Жамбыл Жабаев оқуларыны мектебіміздің 11 «А» сынып оқушысы Садырбек Ақжол қатысып жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі Исаева Насихат. 
         Талғар ауданы мұғалімдер арасында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған волейбол жарысынан мектебіміздің командасы І орын иеленді. 
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Оқушылар шығармашылық үйі» ұйымдастыруымен өткен «Балалар жылы» аясында Дүниежүзілік балалар күніне орай өткізілген «Әр баланың құқығы бар» атты эссе байқауына 11 «Ә» сынып оқушысы Мұратқызы Назым қатысып жүлделі І орын /жетекшісі Сатымбай Майгүл/, 9 «Е» сынып оқушысы Бақытұлы Әсет қатысып жүлделі І орын /жетекшісі Қызайбекова Гүлнар/, 11 «Д» сынып оқушысы Төлегенова Ажар қатысып жүлделі ІІ орын /жетекшісі Ниязбекова Айнұр/, 11 «А» сынып оқушысы Манап Ақбота қатысып жүлделі ІІ орын иеленді /жетекшісі Алимкулова Зәуре/.  
Талғар аудандық білім бөлімі «Балалар жылы» аясында аудандық оқушылары арасында «Балдай тәтті балғын шақ» байқауында үлгілі өнер көрсетіп жүлделі ІІ орын алғаны үшін 9 «Г» сынып оқушысы Сакенова Жасмин /жетекшісі Ермагамбетова Анаркүл/, ІІ орын алғаны үшін 8 «В» сынып оқушысы Алтынбек Саяра /жетекшісі Оралханова Құралай/, ІІІ орын алғаны үшін 4 «Б» сынып оқушысы Шайхислам Айнұр /Базархан Еламан/ марапатталды.   
Қаңтар айында 
      Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы 31 орта мектебінде ауданның мұғалімдер арасында өткен волейболдан Ақын Оразалы Досбосыновты еске алу турниріне мектеп ер мұғалімдер командасы қатысып 3 орын иеленді.            
Ақпан айында 
1 ақпан күні өскелең ұрпақтың Қазақстандық патриотизмі, азаматтылығы мен жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында А. Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі ұйымдастырған «Ұшқыр ой аланы» атты окушылар арасында жолдастық мектепаралық кездесуге қатысып, турнирінде ораторлық қабілетімен көзге түсіп аудиторияға өтімді үздік ойын көрсеткені үшін 10 «А» сынып оқушысы Бекбосын Санжар мен 10 «Г» сынып оқушысы Шулинбаева Алина марапатталды. Жолдастық кездесуге өз үлесін қосып, шәкірт даярлап, беленділік танытқаны үшін дебат жетекшісі Сыдықбекова Аймен Қонайқызы алғыс хатпен  марапатталды. 
Аудандық Волейболдан ұлдар командасы 1 лигадан  орын иеленді. 
Футболдан аудандық іріктеу турынан мектеп оқушылары  орын иеленіп «Ұлтық лига» жарысына жолдама алып облыстық жарыста аудан намысын қорғайды. 
«BAGLAN ABDRAIM» орталығының бокстан жасөспірімдер арасындағы Республикалық ашық турниріне 34 келе салмақта 5 «Ж» сынып оқушысы Жакулин Бекали қатысып ІІ орын иеленді.  
Республикалық дзюдо күресінен 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылы туылған кіші жас-өспірімдер арасында өткен ашық турнирге 3 «А» сынып оқушысы Жандәулет Аружан  30 келе салмақ дәрежесінде қатысып ІІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы дене шынықтыру пәні мұғалімі Қ.Өтебек.
Наурыз айында
Республикалық «Жас дарын» дарынды балалар орталығы ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларына арналған «Аспапта өнер көрсету» аталымы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Бақытжан Арсен қатысып үздік өнер көрсеткені үшін Бас жұлдемен иеленді. 
Республикалық «Жас дарын» дарынды балалар орталығы ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларына арналған «Аспапта өнер көрсету» аталымы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Бақытжан Арсен қатысып үздік өнер көрсеткені үшін Бас жұлдемен иеленді.
Cәуір айында 
            Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылы №45 мектеп гимназиясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 31 жыл, Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған аудан арасында өткізілген саптық дайындық байқауына мектебіміздің «Жас қазақ» тобы қатысып І дәрежелі мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшісі Уразбекова Эльмира Умбетяровна.        
             Талғар ауданының оқушылары арасында ұйымдастырылғын әскери – спорттық көпсайыс, жалпыәскерлік қорғаныс жиынтығын уақытқа кию жарысына 11 «Ә» сынып оқушысы Амирджанов Бекзат қатысып бас жүлде иеленді.
Алматы облысының білім басқармасы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме қурастыру) облыстық жарысына Талғар ауданының атынана мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысып командалық есеппен І дәрежелі дипломмен марапатталды.
            Талғар ауданының барлық жас ерекшеліктері арасында футбол турниріне мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысып І орын иеленді
            Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен «Айбергенов әлемі» атты аудандық байқауына мектебіміздің 8 «В» сынып оқушысы   Меркенбай Аяжан «Шын дос болсаң, бір келіп сырласып кет» бөлімі бойынша жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі еңбек пәні мұғалімі Оралханова Құралай.
         Талғар ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы КММ-сі ұйымдастырған жасөспірім ұлдар арасында влоейболдан Талғар ауданының біріншілігінде ІІ орын алғаны үшін мектебіміздің волейбол командасы марапатталды. Жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Анарбек.
         Талғар ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы КММ-сі ұйымдастырған жасөспірім ұлдар арасында влоейболдан Талғар ауданының біріншілігінде ІІ орын алғаны үшін Рамазан Рай марапатталды. 
         «Жарқын болашақ» байқауының облыстық кезеңінен «Білгірлер» номинациясы бойынша 10 «Г» сынып оқушысы Шулинбаева Амина І орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Э.С.Қобландина.
         «Жарқын болашақ» байқауының облыстық кезеңінің «Әнші бұбұлдар» номинациясы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Онғар Айгерім қатысып І орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі М.Сатымбай.
         Кекушинкай каратэден  «Алатау барысы» атты Республикалық турнирға  10 «А»  сынып оқушысы Әбдібек Жаннұр қатысып ІІ орынды иеленді
         Кекушинкай каратэден  «Алатау барысы» атты Республикалық турнирға  7 «Д»  сынып оқушысы Кенгесбай Еркін қатысып ІІ орынды иеленді
         Спорттық самбодан жасөспірімдер асасында өткен (ұлдар, қыздар)                           Республикалық чемпионатқа 3 "А" сынып оқушысы Жандаулет Аружан қатысып І орын иеленді. Бапкері Қ. Өтебек.
          Республикалық Қарулы күштеріне 31 жыл Ұлы жеңістің 78 жылдығына арналған аудан арасында өткізілген «Бағдаршам - 2023» байқауында ІІ орын иеленгені үшін мектебіміздің "Жол сақшылары" тобы ІІ орынмен марапатталды.
Талғар ауданының мектеп оқушылары спартакиядасында «Шағын футбол» мектеп лигасы жарысында жүлделі І орын алғаны үшін мектебіміздің футбол командасы марапатталды. Жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Тоқтарбекұлы.
Талғар ауданының мектеп оқушылары арасында өткен волейбол жарысына мектебіміздің волейбол командасы қатысып жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Анарбек.
Мамыр айында 
Талғар медициналық колледжінің ұйымдастыруымен Усманов Болат ағамызды еске алуға арналып ұйымдастырылған 40 жастан асқан ерлер арасында өткен  волейбол жарысына мектебіміздің ер мұғалімдері қатысып І орын иеленді. 
Талғар аудандық білім бөлімі ұйымдастырған «Президенттік көп сайыс»  мектеп лига жарысына  мектеп оқушылары қатысып 60 м, 500 м,  бір орыннан ұзындыққа секіруден 6 «А» сынып оқушысы Нұрдәулет Дария І орын иеленсе, бір орыннан ұзындыққа секіруден 7 «Ә» Дәулетханов Дияс ІІ орын иеленді. Бір орыннан ұзындыққа секіруден 10 «Б» Арысбекова Дариға  ІІІ орын иеленді.
Республикалық 16-17 жас аралығында кекушинкай каратедан өткен «1000 самураев» турниріне 10 «А» сынып оқушысы Әділбек Жаннұр қатысып І орын иеленді. 
Шахматтан мектеп командалары арасында Алматы облысының чемпионатына 4 А сынып оқушысы Биет Нұрбек қатысып жүлделі ІІ орын иеленді. 100 теңге ұтысы бар сертификатын алды. 
«Айбын - 2023” облыстық әскери - патриоттық ойынында командалық есеппен   мектебіміздің командасы Талғар ауданының атынан қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Уразбекова Эльмира Умбетяровна.  

Похожие публикации:

19 февраль 2022 Спорт
07 февраль 2022 СПОРТ
25 ноябрь 2021 Шахмат
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив