06
октябрь
2020
"Жас қаламгер" үйірмесі
Ұстаз туғанынан ұлық болған. Ұлы адамда ұстаздан білім алған. Ұстаздан сабақ алған балалықта, Тарихтың ханы мен абызыда. Ұлы ұстаз-екінші ана. Білімнңің қайнар бұлағы. Таңмен бірге оянып, шәкіртіне бола уайымдап, самайына ақ шаш түскен - қайтпас, жігері мықты адам. Бойындағы білімін айналасындағы оқушыларын сусындатқан ол-ұстаз. Дария болып, көлге барып құйылып, теңіз жасағанда ұстаз. Ұстаз ұлы адам.Ғасырлар бойы аты өзгермеген, уақыттың құдіретіне төтеп бергенде ұстаз. Осынау ғаламда ұстаз алдынан өтпеген пенде жоқ шығар,сірә. Ұстаз деген кім? Ұстаз ақ жарқын, жылы жүзді, жауапты, өзіне сенімі мол, сөзімен шәкірттін бауырбастыратын, шәкіртін тілімен арбайтын адам. Бойындағы жақсысын оқушыға дарыта білетін, шәкіртін болашаққа дайындайтын, білім азығымен қамтамасыз ететін ол- ұстаз. Бала бір нәрсеге душар болса, оны ойлап, әбігерге түсетін 1) ана болса, 2)ұстаз. Мен осы күнге дейін жаңағының барлығын бір адамнан көрдім. Басқаны білмеймін бірақ сол кісі әкем айтқан ұстазға өзгелерден көрі келетін еді. Ол кісі менің өткенімде тайға таңба басқандай сақталмақ. Жүрегімнен орын алған ол кісі мені қазақтың әдеби сөзімен, көркем мысалдармен, аналық жүрегімен баурады. Ол- Исаева Насихат апай. Жалпы бұрындары әңгіме, шығарма жазғанда әңгімеде бір нәрсе жетіспегендей күйде болатын едім. Ол әңгімені әскерлі жеткізе білу еді. Міне осыны маған Насихат апай үйретті. Мен Насихат апайға алғыс айтамын. Қорыта келе ұстаз ұлылықтың иесі. Бар әлемнің данасы да, мықтысы да ұстаздан тәлім-тәрбие,өнеге көрген.Ұстаз бұл киелі сөз.Себебі оның ұлылығын бабаларымыз да мойындап кеткен.Ұстаз ұлттың-анасы.