1 қыркүйек – Білім күні
1 қыркүйек – Білім күні
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 28.08.2020-ғы № 5-11-5/3186-И шығыс хаты негізінде оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 1-қыркүйек Білім күні және жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шарасы МАД тобының, 1-11 сыныптарда қашықтан өткізілді.
Сынып сағаттары тек оқушылардың қатысуымен өткізілді. Қашықтан оқытылатын сыныптар үшін сынып сағаттары ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды.
Сынып сағатының мақсаты: 1-қыркүйек Білім күні және 2020-2021 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс шара санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайды ескере отырып, әртүрлі форматта оқушылардың оқуына позитивті ынтасын, оқушылардың оқуға және өз денсаулығына құндылықты қарым-қатынасын қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыруға дағдыландыру.
Сынып сағаттарына тақырыптық материалдарды таңдау кезінде әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріліп, қашықтан өтетін сынып сағаттарының ұзақтығы 30 минутқа жоспарланып өткізілді.
МАД, 1-4-сыныптар –«Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы»
5- 7 сыныптар:- «Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы»
8-11 сыныптар:- «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы»
№ | Өткізілу уақыты | сыныптар | жауапты |
1 | 900-930 | МАД тобы | Сынып жетекшілері |
2 | 900-930 | 1-2 | Сынып жетекшілері |
3 | 930-1000 | 3-4 | Сынып жетекшілері |
4 | 1000-1030 | 5-7 | Сынып жетекшілері |
5 | 1030-1100 | 8-9 | Сынып жетекшілері |
6 | 1100-1130 | 10-11 | Сынып жетекшілері |
Сынып сағаттары барысында оқушыларға денсаулықты сақтай отыра, білімнен қол үзбеуге, тәрбиелі болуына, әлеуеттенуіне, күнделікті оқу режимін сақтауға, жеке бас гигиенасы талаптарын қатаң ұстануға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
1-ші сыныпқа қабылданған 206 оқушылар үшін сценарилер жасалып презентация түрінде жүргізілді.