11
январь
2021
"Туған ғаламшарыңды сақта"
"Туған ғаламшарыңды сақта" атты байқауға 9 "Г" сынып оқушысы Жарлықасын Ерлан Қайратұлы жобасын ұсынды.
Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Амитова Бағдат.
"Туған ғаламшарыңды сақта" эссе.
Біз жер ғаламшарында тұрамыз. Ал жер ғаламшарында өмір сүруіміз үшін таза экология, су, оттегі т.б заттар қажет. Бірақ жер ғаламшарында бұның барлығы бар. Осы заттарды, табиғи ресурстарды адамдар дәл қазір қолдануда. Бұның барлығы жақсы жақтары. Ал енді жаман жақтарына келсек. Адамдар табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланып жатырма? Деген сұрақ туындайды. Ия, адамдар табиғи ресурстарды қолданғанымен экологиялық заттарға зиян тиіп жатыр. Мысалы: заводтар, химиялық жұмыстар, ағаштарды кесу т.б бұның барлығы табиғатқа, экологияға зияны тиіп жатыр.Тағыда қоса кетсек өздеріңіз білетіндей мұхитта, теңіздер де мұнай тасымалдайтын кемелер болады олардан да шығатын қалдықтар сол суға түсіп жайылады кейін сол жердегі жануарлар мен экологияға өте үлкен зияны тиеді. Және де Фабрика, заводтардан шығатын түтін дермен заттардың қалдықтары, химиялық заттар орман мен тікелей қалаларға шығады. Ал осы зиянды заттар ормандарды мекен ететін жануарлар мен қаладағы ауа мен адамдардың тезірек жойылуына әкеліп соғады.
Бірақ бұл зиянды заттарды тоқтатып тастасақ экологияға тимес еді. Егер ғылыми тұрғыдан қарасақ сол фабрика т.б зиянды заттарды тоқтатып тастасақ адамдардың азық-түлікпен, киім-кешектерін шығару қиынға соғады. Сондықтан да адамдарды тазалық сақтауға, ыңғайлы уақытта адамдарға экологиялық жұмыстар жасалып табиғатты таза ұстау қажет. Және де ағаштарды кеспей, керісінше ағаш көп өсіру қажет. Кейін тек табиғат емес жер ғаламшарыда тазарып қалады қалады. Және де адамдардың өмір сүруі қалыпты жағдайда болады. Мысалы: таза ауа, таза су, жеміс-жидектер арқылы адамдардың денсаулығыда жақсарады. Егер де мен адамдардың орнында болғанда қоғамдық жерге қоқыс тастамай, судың бетіне немесе зиянды қоқыс, химиялық заттарды тастамау керек. Егер де барлық адамдар осылай жасап жүрсе ешқашан табиғатқа, экологияға зиян тимес еді.
Адамдар қазіргі уақытта шынымен де табиғатқа қатты көңіл бөлмегендіктен табиғатта адамдарға қажетті заттарды беруді доғаруда яғни мұнайдың азайып қалуы, сулардың тартылып кетуі, таза ауаның болмауы, әр түрлі паразит, вирустардың кеңінен таралуы, адамдардың жиі ауыруы бұның барлығы осы экологияның ластануы. Бұл дегеніміз біз өз өмірімізді өзіміз құртып жатырмыз деген ойға әкеледі. Ал бұл болып жатқан жағдайлар тез арада тоқтамаса кейін болашақта табиғат, экология болмауы қауіп тудырады. Сондықтан барлық адамдарға айтқым келетіні бізге берілген осы кереметтей табиғи сый ды таза ұстауға, ластамауға шақырамын. Бұл басқа біреу үшін емес өзіміздің денсаулығымыз үшін жасаймыз. Табиғатты таза ұстауға ерінбеуге тырысуымыз қажет.
Қорыта айтқанда, табиғатты аялап, таза ұстау адамдардың қолында. Өз денсаулығымызды сақтау үшін экологиямызды таза сақтау маңызды.