Зияткерлік ойын
8 cыныптар арасында «IQ game» зияткерлік ойын арқылы оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дарынды, озық болуға тәрбиелеу мақсатында, информатика пәнінің оқытушылары: Рғымбаева Р.Ж., Қайнарбаева Шолпан қашықтан онлайн форматта ZOOM бейнеконференцияға арналған қосымша арқылы ұйымдастырылды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Логикалық сұрақтар, суреттер арқылы ребустарды шешіп, жауабын жылдам үш тілге аудару және т.б. сұрақтармен қамтылды.