Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"С.Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 3-06-54
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-06-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
март
2023

1-сыныпқа қабылдау

«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Сәкен Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі 


2022-2023 ОҚУ  ЖЫЛЫНА 1-СЫНЫПҚА 

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

2022 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІР МЕН  1 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІНДІГІН ХАБАРЛАЙДЫ.


 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (2021 жылдың 03 маусымындағы №275 бұйрығымен өзгерістен енгізілген) сәйкес жүзеге асырылады.

1-сыныпқа 6 жастағы балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды қабылдайды. 1- сыныпқа қабылдау электронды түрде жүзеге асырылады. Ол үшін  https://gu.almobl.kz/ және www.egov.kz « “Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беруге болады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылдың   01 сәуірінен 01 тамызына дейін қызметін пайдалану қажет.

Электрондық өтініш беру үшін

  • Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының біреуінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) байланыс деректерін толтыру ;
  • Ата-ана мен бала туралы ақпаратты келесі құжаттардың электронды көшірмесімен толтырыңыз
  • дәрігерлік-консультациялық қорытындысы (Ф-026у-3 денсаулық паспорты негізінде тіркелген жеріндегі емханада беріледі)
  • 3*4 сандық фотосуреті
  • педагогикалық-медициналық-психологиялық  комиссияның қорытындысы (болған жағдайда)

Тіркелу нәтижесі туралы хабарламаны алу қаншалықты ыңғайлы екенін көрсетіңіз: SMS, электрондық пошта немесе екеуінде

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 күн ішінде құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу қажет


Мектепке келгенде тапсырылатын құжаттар тізімі:

  • Баланың заңды өкілдерінің өтініші (құжаттардың толық пакетін тапсыру кезінде, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың болуы қажет (сәйкестендіру мақсатында);
  • дәрігерлік-консультациялық қорытындысы (Ф-026у-3);
  • екпе картасы  (Ф-065/у);
  • 2 дана 3х4 фотосуреті

Құжаттарды қабылдаудан қандай жағдайда бас тартылады?

  • көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған жағдайда;
  • көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының сәйкес келмеген кезінде;
  • сынып-жинақталымының шамадан тыс толық болған кезінде.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив