Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"С.Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 3-06-54
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-06-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ноябрь
2020

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.22 № 255 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.22 № 255 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 258-құжат), 1-тармағының, 3-тармағы 2) тармақшасының;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 1047 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 25 қаңтардағы
N 64 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.12.2019 № 1005 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібі
2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бағытталатын қаражат көлемі кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік білім беру мекемелері арасында осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентіне барабар бөлінеді.
3. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет түріндегі материалдық көмек осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге беріледі. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде ұсынылатын материалдық көмектің түрлері мен көлемдері заңнамада айқындалады.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттен тыс қаржылай және материалдық көмек:
1) киім, аяқ киім, мектеп-жазу құралдарын сатып алуды;
2) оқу орны бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруды;
3) қаржылай көмек көрсетуді;
4) оқушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуын көздейді.
Қаржылай көмек көрсетуге арналған қаражатты жұмсау осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүзеге асырылады.
Оқитын жерінде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру қаражатты жұмсаудың басым бағыты болып табылады.
Киім, аяқ киім, мектеп-жазу құралдарын сатып алу 1 (бір) білім алушыға немесе тәрбиеленушіге есептегенде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Жергілікті өкілді органдар жеңілдікпен жол жүруді ұйымдастыру, сондай-ақ қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамалар беру үшін жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздеуге құқылы.
Қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдама алу, сондай-ақ білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуы осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге де қолданылады.
4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші негізінде бөлінеді.
Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші басшының атына білім беру ұйымына беріледі.
Өтінішті алқалы орган өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды.
Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының өтінішіне мынадай растау құжаттары қоса беріледі:
1) осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама;
2) осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін алынған табысы туралы алынған мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысын, кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен түсетін табыс, балаларға және асырауындағы өзге де адамдарға алименттер түріндегі табыс);
3) осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген санаттағы адамдар үшін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
4) осы Қағидалардың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарды отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды. Көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажет болған жағдайда алқалы орган қажетті құжаттарды сұратады.
Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат тағайындауға (өтініш берген айды қоса алғанда) өтініш берген сәтке дейінгі табыс сомасын жыл басынан айлар санына және отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы айқындалады.
Отбасы құрамындағы орташа жан басына шаққандағы табысты есептеу кезінде ата-аналар (асырап алушылар) және олардың асырауындағы жасы 18-ге толмаған балалар ескеріледі.
5. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың жұмсалуы білім беру ұйымында құрылған алқалы басқару органдарымен келісу бойынша қабылданатын білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге материалдық көмек көрсетуді білім беру ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған өнім берушілер қатарынан көрсетілетін қызметті жеткізушілерді материалдық көмек алушылардың дербес таңдауын көздейтін электрондық жеткізгіштер мен бағдарламалық, техникалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырады.
6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың нысаналы жұмсалуын білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді.
7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың түсімдерін және пайдаланылуын есепке алуды білім беру ұйымының немесе органның қаржы қызметі жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары жыл сайын 20 қыркүйекке және 20 қаңтарға дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша есептілікті еркін нысанда ұсынады.
Мемлекеттік білім беру
мекемелерінің мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек алуға
құқығы бар отбасылардан,
сондай-ақ мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алмайтын, жан
басына шаққандағы табысы ең
төменгі күнкөріс деңгейінің
шамасынан төмен отбасылардан
шыққан білім алушылары мен
тәрбиеленушілеріне және жетім
балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалып,
отбасыларда тұратын балаларға,
төтенше жағдайлардың
салдарынан шұғыл жәрдемді
талап ететін отбасылардан
шыққан балаларға және өзге де
санаттағы білім алушылар мен
тәрбиеленушілерге қаржылай
және материалдық көмек
көрсетуге бөлінетін қаражатты
қалыптастыру, жұмсау бағыты
мен оларды есепке алу
қағидаларына қосымша

___________________________
ұйымының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә.)
____________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
___________________________
(мекенжайы)

Өтініш
Сізден ______________________________________________ сынып оқушысы
__________________________________________________________________
(Т.А.Ә.) жалпыға міндетті оқу қорынан
_____________________________ де материалдық көмек бөлуіңізді сұраймын.
Себебі, ____________________________________________________________
(себебі көрсетіледі) 20____ жылғы "___" ___________
_____________________________ (күні, Т.А.Ә., қолы)




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив