18
январь
2021
"Туған ғаламшарыңды сақта"
"Туған ғаламшарыңды сақта" атты байқауға 7 ”В” сынып оқушысы Бақытжанқызы Жамиля өз жобасын ұсынды.
Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Түсіпбаева Гүлмира Тәңірбергенқызы.
"Туған ғаламшарыңды сақта" эссе.
Ғаламшарымызға төніп тұрған қауіптің бірі – экологиялық проблемалардың зардабы. Айтып өткен экологиялық проблемаларды атап өтсем, оларға: теңіздер мен мұхиттардың ластануы, атмосфераның бұзылуы, ғаламдық жылыну, ормандардың кесілуі жатады. Қазіргі таңда бұл проблемалар ғаламшарға ғана емес, адамға да зиянын тигізуде. Бұның ішіндегі ең ауқымдысы ластану. Мәселен Тынық мұхиттың ластануынан қоқыс аралы пайда болды. Қаншама жануарлар химиялық заттарға уланып, пластик заттарды жеп өлді. Ал ормандардың кесілуі ше? Өз ғаламшарыңның экологиясын өз қолыңмен құртсаң ертеңгі күнің не болмақ?!
Сол себептен бұл проблемаларды тез шеші керек деп ойлаймын. Мәселен, неге Қазақстандағы және де басқа елдердегі қоқысты өңдеу зауыттарының санын арттырмасқа? Бұл ластануды азайтады деген ойдамын. Бәріміз білетін ауаны ластаушылар олар: автокөліктер, зауыт, фабрикалар. Автокөліктер құрамында күкірті бар көмірді, газды қондырғыларды қолданады. Ал зауыттар түтіні арқылы ауаны ластайды. Сондықтан жыл сайын атмосфераға 7510 тонна күкірт оксиді, 5310 тонна азот оксиді мен диоксид түседі. Осыған байланысты неге көліктерге электр энергиясын қолданбасқа? Ал энергияны жел электр станциялары өндіреді. Өзіміз табиғатқа, жасыл планетамызға көмектесу қажетпіз. Ағаштар, гүлдер өсіріп, қоқыс тастамау қажетпіз. Бұл істегеніміз кішігірім болса да, ғаламшарымызға тек пайда тигізеді.
“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” – демекші бәріміз атсалыссақ ғаламшарымызды сақтаймыз. Бәрінің атсалысқаны маңызды. Бәріміз бірігіп туған ғаламшарымызға көмектесейік!
Бақытжанқызы Жамиля, 7 “В” сынып